1 наурызға арналған доллардың ресми бағамы белгіленді

0
829

Сейсенбіде доллар бағамы 495,00 теңге болды.


1 наурызға арналған доллардың ресми бағамы белгіленді

ERNUR.KZ. Ұлттық банк 1 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, деп жазады Tengrinews.kz.

Сейсенбіде доллар бағамы 495,00 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26-28 ақпандағы ресми бағамы 467,09 теңге болды.

Ал KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы - 495,00 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 497,44 теңге, сатылымда - 503,67 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 485,43 теңгеден сатып алып, 503,44 теңгеден сатып жатыр.