1 шілдеде Ресей аумағына кіру талаптары өзгереді

0
112

Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына кіру талаптарымен алдын ала танысып, Ресейге сапарлағанда осы өзгерістерді ескеруді сұрайды.


1 шілдеде Ресей аумағына кіру талаптары өзгереді

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясы аумағына кіру үшін қосымша талаптар енгізілді, деп жазады inform.kz.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге еңбек етуге немесе білім алуға баратын қазақстандықтар үшін «Gosuslugi RuID» мобильді қосымшасын пайдалану міндеттеледі.
– Белгіленген тәртіпке сәйкес шетел азаматтары аталған қосымшада жеке профиль құрып, Ресей Федерациясына кіру туралы өтінішті мемлекеттік шекараны жоспарланған кесіп өтуден кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы керек. Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптастырылады. Аталған QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады, – деді Е. Жетібаев Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифингте.

Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына кіру талаптарымен алдын ала танысып, Ресейге сапарлағанда осы өзгерістерді ескеруді сұрайды.