1 шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы өсті

0
376

Сұйытылған мұнай газының тоннасына көтерме сауданың шекті бағасы 45 158 теңгені (бұрын – 40 320 теңге) құрайды.


1 шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы өсті

ERNUR.KZ. Энергетика министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы бұйрықтарымен ҚР газ толтыру станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ сұйытылған газды көтерме саудада өткізудің ішкі нарықтағы шекті бағасы бекітілді, деп жазады inbusiness.kz.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының тоннасына көтерме сауданың шекті бағасы 45 158 теңгені (бұрын – 40 320 теңге) құрайды.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының өсуіне байланысты автомобиль газының құны:

  • Астана – литрі 84 теңге (бұрын 76 теңге);
  • Алматы – 89 теңге (81 теңге болды);
  • Шымкент – 70 теңге (64 теңге болды);
  • Ақтөбе облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
  • Атырау облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
  • Ақмола облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Алматы облысы – 89 теңге (81 теңге болды);
  • Шығыс Қазақстан облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Жамбыл облысы – 78 теңге (71 теңге болды);
  • Батыс Қазақстан облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
  • Қостанай облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Қызылорда облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
  • Қарағанды облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Маңғыстау облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
  • Павлодар облысы – 81 теңге (74 теңге болды);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 89 теңге (81 теңге болды);
  • Түркістан облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
  • Абай ауданы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Жетісу облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Ұлытау облысы – 84 теңге (бұрын 76 теңге).

№232 және №233 бұйрықтар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Энергетика министрлігі сұйытылған газды өндірудің рентабельсіздігіне байланысты оның бағасын көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлаған, сондай-ақ өсудің басқа да бірқатар себептерін атаған.