Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр.
ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылғы қаңтар-қазанда елімізге тұрғылықты тұруға 12 926 адам тіркелді, елімізден 21 875 адам кетті, көші-қонның айырымы -8 949 адам болды, деп жазады zakon.kz.
Статистиктердің мәлімдеуінше, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр.
ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,0% және 84,4% болды.
Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық қоныс аударып жатқан өңірлер: Алматы (30 388 адам), Астана (29 086 адам) және Шымкент (2 311 адам) қалалары.