10 млн гектар орман алқабы жайылымға беріледі

0
1 270

Тұрғындардың төрт түлікті түлетуіне осындай жағдай жасалады.


10 млн гектар орман алқабы жайылымға беріледі

ERNUR.KZ. Елде орман қоры ретінде арнайы қорғауға алынған алқаптың 10 млн гектары жайылымға беріледі, деп жазады 24.kz.

Тұрғындардың төрт түлікті түлетуіне осындай жағдай жасалады. Бірақ жергілікті билік бюрократиялық кедергілерді жойып, шаруаның шатқаяқтауына жол бермеуі қажет. Бұл мәселе бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссиясының үшінші отырысында қаралды.

Жиын Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалығымен өтіп жатыр. Отырысқа Парламент депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары және қоғам белсенділері қатысуда.

Экономикалық жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, елде орман алқабының жалпы аумағы 41 млн гектарға жетеді. Соның 10 миллионы жайылымға арналған. Алайда жергілікті билік жағдайды тиімді пайдаланбайды. Комиссия мүшелері мұндай бастаманың соңы орман алқабына зиян келтірмеуі қажеттігін де ескертеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік орман қорынан 2,7 млн гектар алқап жергілікті шаруаларға берілген. Оның 430 мың гектары ұзақ мерзімді келісім-шарт негізінде алынған. Яғни 49 жылға дейін шаруалар төрт түлігін жайлайды. Ал қысқа мерзім, яғни 10 жылға көбіне берілмейді. Жергілікті әкімдіктер 1 жылмен ғана шектеліп, тұрғындардың кәсібін өрістетуге кедергі болып келеді.