Astana 2025 World Boccia Challenger-де өнер көрсететін жеті спортшының халықаралық тәжірибесі бар.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Бочча Федерациясы қысқа уақыт аралығында әлемдік аренада айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Спортшылар халықаралық жарыстарда 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Боччистер Ханчжоуда өткен жазғы Паразиялық ойындарда 8-орынға ие болды. 2024 жылы команда біліктілік Челленджерінде қола медаль жеңіп алды. Биыл спортшылар қыркүйек айында Сеулде өтетін Әлем Кубогына қатысу үшін іріктеуде жеңіске жетті. Тамыз айында елордада өтетін Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирінде 10 спортшы бағын сынайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның Бочча Федерациясының спорт директоры Дияр Сеитов мәлімдеді.
Astana 2025 World Boccia Challenger-де өнер көрсететін жеті спортшының халықаралық тәжірибесі бар. Қалған үш спортшы ВС3 санаты бойынша қатысады. Спикердің айтуынша, ВС3 санатында тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар өнер көрсетеді. Олар арнайы пандусты пайдаланады және оларға спорттық көмекшілер қолдау көрсетеді.
«Боччаның басқа спорт түрлерінен айырмашылығы – мұнда жарысқа қатысу үшін жай ғана өтініш беру жеткіліксіз. Халықаралық Федерация ірі турнирлерде жоғары рейтингі бар командалардың өнер көрсетуін қатаң қадағалайды. Паралимпиадалық спорттың олимпиададан айырмашылығы – мұнда салмақ категориялары мен гендерлік ерекшеліктерінен басқа жіктеу жүйесі бар. Жіктеу –бұл барлық қатысушы үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін спортшыны бұзушылық дәрежесіне қарай белгілі бір сыныпқа анықтайтын процедура. Боччада төрт санат бар: ВС1, ВС2, ВС3, ВС4. Бастамас бұрын біз халықаралық классификацияны да жасаймыз. Негізгі классификаторлар - Испаниядан келген дәрігер және Португалия мен Польшадан келген екі маман. Бұл дәрігерлер жіктеуді қажет ететін барлық қатысушыны тексереді», – деді Дияр Сейітов.
Бочча бойынша Қазақстан құрамасы АҚШ пен Испания құрамаларынан озып, әлемнің 50 елі арасында әлемдік рейтингте 18- орында тұрғанын атап өткен жөн.