11 айда елімізде 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

0
98

Құрылыста өсу қарқыны баяулады.


11 айда елімізде 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,9%-ға артық. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 5,9%-ға өсті. Өсім 17 өңірде тіркелді. Ең жоғары өсу Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды. Өндірістің төмендеуі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстарында тіркелді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсу көлік жасау өндірісінің 11,6%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың – 15,2%-ға және электр жабдықтарын жасаудың – 16,7%-ға өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Тамақ өнімдерін өндіру – 8,7%-ға, сусындар өндіру – 9,2%-ға, химия өнеркәсібі – 8,1%-ға, мұнай өңдеу өнімдері – 6,5%-ға, металл бұйымдары – 12,8%-ға, құрылыс материалдары – 7,1%-ға ұлғайды", – деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.

Салалардағы инвестициялар мен өндіріс өсуінің негізгі факторларының бірі –"Бәйтерек" Холдингі тарапынан басым бағыттарды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету. 11 айда холдинг желісі бойынша басым салаларды қаржыландыру көлемі 8 трлн теңгеден асты.

"Құрылыста өсу қарқыны баяулады. Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі 14,7%-ды құрады. Құрылыстың өсуі 19 өңірде тіркелді, бұл ретте ең жоғары өсу Алматы, Астана қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында байқалды. Атырау облысында құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеді. 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,9%-ға артық", – деді Ұлттық экономика министрі.

Ең жоғары көрсеткіштер Жетісу, Қарағанды, Алматы, Қызылорда және Ұлытау облыстарында байқалады.