​11 грант: Польшада оқу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

0
97

366 қазақстандық Мажарстанның ЖОО-ларында білім алуға жолдама алды.


​11 грант: Польшада оқу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ERNUR.KZ. Польшаның жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды, деп жазады inform.kz.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде Польша Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдауды жариялайды.

2026–2027 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 11 білім беру гранты бөлінді, оның ішінде:
3 грант – бакалавриат бағдарламасы бойынша;
4 грант – магистратура бағдарламасы бойынша;
4 грант – докторантура бағдарламасы бойынша.
Грант келесі шығындарды қамтиды:
• тегін оқу;
• докторантура бағдарламасы бойынша білім алушыларға ай сайынғы стипендия.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 19 наурыздан 16 сәуірге дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады:
• «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы:
• «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на тікелей тапсыру арқылы.
Қосымша ақпаратпен және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен орталықтың ресми сайтынан танысуға болады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, Қытай үкіметі 2026–2027 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға 73 білім грантын ұсынғанын жаздық.
Ал 366 қазақстандық Мажарстанның ЖОО-ларында білім алуға жолдама алды.
16 наурыз күні «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды.