11 жылға сотталған ер адамның ісі қайта қаралады: Жоғарғы сот үкімнің күшін жойды

0
173

Сот алқасы заңсыздықтарды ескере отырып, сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.


11 жылға сотталған ер адамның ісі қайта қаралады: Жоғарғы сот үкімнің күшін жойды

ERNUR.KZ. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз алу және сақтау бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандыққа қатысты қылмыстық істі қарады, деп жазады sputnik.kz.

Істі зерттей келе, алқа келесідей шешімге келді.
Нұрпейісовтің кінәсін дәлелдеу туралы қорытындыларға
куәгерлер З. мен С.-ның айғақтары, жеке тінту және сотталғанның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде куәгер ретінде қатысқандар, Нұрпейісовтің кінәсін мойындау туралы қорытындылар, сот-медициналық сараптамалар негізге алынды.
Іс материалдарынан куәгер З.-ның бұрын полиция қызметкері болып жұмыс істегені, қылмыс жасағаны үшін сотталғаннан кейін пробациялық бақылауда болғаны анық.
Ал тергеу әрекеттеріне қатысқан полиция қызметкерлері З.-ның бұрынғы әріптесі саналады.
Іске мүдделі адамдардың куәгерлер ретінде қатысуы тергеу әрекетінің хаттамасын дәлелдеме ретінде алуға болмайды деп тануға негіз болады", - деп жазылған Жоғарғы соттың хабарламасында.
Сонымен қатар күдіктінің қасына барған кезде оның қолынан ұстап тұрғанын, кейін оны тінтуге кіріскенін көргенін айтқан екінші куәгердің жауабы бағаланбаған. Басқа да заң бұзушылықтар анықталды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот алқасы сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.