Министрлік тұрғындардан тұрғындардан дүрбелеңге салынбауды сұрайды.
15 мамырда Қазақстанның барлық аймақтарында ескерту жүйесі тексеріледі. Сиреналар сағат 12.55-те қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тексеріс "ӨРТ-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді. Республикалық штаб Абай ауданында.
"Оқу-жаттығуда мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындау мәселелері қарастырылады", – деп хабарлады ведомство.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті сирена қосулы кездегі тәртіп ережелерін еске салды:
- Егер дабыл соғылғанда үйде болсаңыз: радионы немесе теледидарды қосыңыз, шұғыл хабарламаны тыңдаңыз және соған сәйкес әрекет етіңіз;
- Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз: көше дауыс зорайтқыштары арқылы берілетін хабарламаны тыңдаңыз және соған сәйкес әрекет етіңіз.
Министрлік тұрғындардан тұрғындардан дүрбелеңге салынбауды сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Биыл 4 наурызда Алматда жер сілкінісі болып, сирена іске қосылып, полиция күшейтілген режимде жұмыс істеген еді.