15 тонна алтын алу жоспарланған: Мемлекет басшысына ірі жобаның жұмысы таныстырылды

0
466

Өндіріске құйылатын инвестиция көлемі – 347 миллиард теңге.


15 тонна алтын алу жоспарланған: Мемлекет басшысына ірі жобаның жұмысы таныстырылды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысына Poly Metal International plc халықаралық компаниясы қолға алған ірі жобаның жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жоба аясында құрамында алтыны бар 300 мың тонна концентратты қайта өңдеп, одан 15 тонна алтын алу жоспарланған. Өндіріске құйылатын инвестиция көлемі – 347 миллиард теңге. Бұдан бөлек, Президентке өңірдегі электроэнергетикалық кәсіпорындардың техникалық жағдайы туралы баяндалды.

Облыс әкімі ГРЭС-1 және ГРЭС-2 энергоблоктарын, сондай-ақ Ақсу қаласындағы №7 электростанцияны жаңғырту жұмыстары 2024 жылы аяқталатынын айтты. Сонымен қатар Асайын Байханов азық-түлік өндірісін ұлғайту перспективасы жөнінде мәлімет берді. Оның айтуынша, облыста сүт өндірісі және оны қайта өңдеу көлемі артып келеді. Биыл қосымша 10 жаңа заманауи ферма салынады. Оған 30 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді және әлеуетті инвесторлар тарту бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.