«16 жастағы бала мен 59 жастағы мұғалім»: Павлодардағы сұмдық оқиғаның мән-жайы анықталды

0
462

Қазір жараланған оқушы мен ұстаз үйлеріне жіберілген.


«16 жастағы бала мен 59 жастағы мұғалім»: Павлодардағы сұмдық оқиғаның мән-жайы анықталды

ERNUR.KZ. Павлодардағы мектептердің бірінде өзінің қатарласы мен ұстазды пышақтаған балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Анықталғандай, жараланған баланың жасы 16-да, ал ұстаз 59 жаста. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оларды хирург дәрігер қараған.

«Зардап шеккен әйел мен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне босатылды», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқушы құрдасының арқасы мен иығын, ал, ұстазының кеудесі мен иығын жаралаған.