17 қазақстандық терроризм үшін сотталды: ҰҚК мән-жайын ашты

0
113

Олардың бірі - Алматы қаласының тұрғыны.


17 қазақстандық терроризм үшін сотталды: ҰҚК мән-жайын ашты

ERNUR.KZ. Биыл жыл басынан бері ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыс жасаған 17 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп жазады tengrinews.kz.

Олардың бірі - Алматы қаласының тұрғыны. Ол 2017 жылы халықаралық террористік ұйымдар құрамында ұрыс қимылдарына қатысу үшін шетелге кеткен. 2025 жылы шетелдік серіктестермен бірлескен іс-шара аясында ол шетелде ұсталып, Қазақстанға арнайы күзетпен жеткізілген. Террористік әрекетке қатысу дерегі бойынша сот оны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

"Тағы біреуі - Көкшетау қаласының тұрғыны. Ол 2013 жылы шетелге кеткен. Интернетте терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаған. ҰҚК шетелдік арнайы қызметпен бірлесіп жүргізген операция нәтижесінде ол ұсталып, елге жеткізілді. Сот шешімімен терроризмді насихаттағаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деп жазылған хабарламада.

Осы кезең ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыс жасаған 6 діни радикал ұсталған. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тағы 4 адамға сотталғандар арасында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылған.

"Олар интернетте және өз айналасында террористік, экстремистік материалдар таратқан, сондай-ақ, олардың ұстанымын қолдамайтындарға күш көрсетуге шақырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.