18 миллион теңге пара алған Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды

0
413

Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат бірнеше күн бұрын тараған.


18 миллион теңге пара алған Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық соты төрағасының ұсталғанын растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 550- бабына сәйкес, Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу аясында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды. Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған», - деп хабарлайды ведмство.

Дереккөзге сүйенсек, ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп ескертеді Антикор.