Консулдық қызметкерлері қызды табудан күдерін үзген.
ERNUR.KZ. 2000 жылы тәжік жігітімен қол ұстасып кеткен қазақ қызын ата-анасы 19 жылдан кейін іздеген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров апта сайынғы брифинг барысында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
«Осыдан бір-екі ай бұрын Тәжікстанда 19 жыл бұрын жоғалған Әсел есімді қыздың ата-анасы депутатқа өтініш білдірген. Депутат Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бейбіт Атамқұловқа сұрау жіберген. Душанбедегі елшілік қызметкерлері бірден іздеу салды», - деді Смадияров.
Қызды консулдық қызметкерлері 1 айдан астам уақыт бойы іздеген.
Туыстарының айтуы бойынша, Әсел 1984 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол 2000 жылы 7 сәуірде Саратов-Душанбе бағытындағы пойызға мініп, тәжік жігітімен кетіп қалған.