«2 минутта аяқталған отырыс»: Бишімбаевтың соты 13 мамырға шегерілді

0
399

Бүгінгі сот процессі 2 минутта аяқталды.


«2 минутта аяқталған отырыс»: Бишімбаевтың соты 13 мамырға шегерілді

ERNUR.KZ. Елорданың ауданаралық соты Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты отырысты кейінге қалдырды. Келесі сот процессі 13 мамырда өтеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін әйелін азаптап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаев пен оның қылмыстық әрекетін жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтың сот отырысы бар болғаны 2 минутқа созылды. Судья алқабилермен ақылдасу үшін кеңесу бөлмесіне кетіп, үзіліс жарияланған.

Еске салсақ, өткен сот отырысында Бишімбаев пен Байжанов үкім алдындағы соңғы сөздерін айтты. Экс-министр фашистік Германияның басшысы болған Гитлердің жақтасының сөзін мысалға келтірген еді.