2 мыңнан астам қазақстандық берекелі отбасы туралы әлеуметтік зерттеуге қатысты

0
230

Сауалнамаға қатысқандардың жартысы (58,0%) жұмыс істейді, респонденттердің тағы 2,5%-ы оқиды және жұмыс істейді.


2 мыңнан астам қазақстандық берекелі отбасы туралы әлеуметтік зерттеуге қатысты

ERNUR.KZ. Қазақстандық қоғамдық даму институтының Әлеуметтанулық зерттеулер орталығының басшысы Евгения Руднева ОКҚ алаңында «Берекелі отбасының қалыптасуына әсер ететін факторлар» әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін таныстырды. Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап Институт түрлі тақырып бойынша 150-ден астам зерттеу жүргізді. Ағымдағы жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша отбасылар туралы әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Ол құндылықтар, өзара қарым-қатынас, қазақстандық отбасылардағы жұмыс пен ата-ана рөлін бірге алып жүру стратегиясы мәселелерін қозғайтын әлеуметтанулық ақпараттың кең спектрін алуға бағытталған. Зерттеу ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа, ата-ана рөлі мен жұмыс арасындағы тепе-теңдік орнатуға дейінгі отбасындағы қатыгез қарым-қатынас мәселелеріне назар аударды.

«Зерттеудің сауалнама жүргізу кезеңі ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында өтті, одан әрі нәтижелерді өңдеу және талдамалық есепті дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді. Зерттеуде 2 әдіс қолданылды: халықты жаппай зерттеу және тиянақты сұхбат алу. Халықтың жаппай сауалнамасының іріктемелі жиынтығының көлемі 2 мың респондентті құрады, әлеуметтанулық зерттеу жүргізу аумағы Қазақстан республикасының барлық өңірін, республикалық маңызы бар 3 қаланы, сондай-ақ 17 облыс орталығы мен ауылдық елді мекендерді қамтыды. Әлеуметтік-демографиялық және аумақтық сипаттамаларын ескере отырып, іріктелген 18 және одан жоғары жастағы тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді», – деді спикер.

Сондай-ақ зерттеудің сауалнама жүргізу кезеңінде отбасылардың бірнеше түріне бөлінген тұрғындар 80 сұхбат берді. Оған толық, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ көп балалы отбасылар қатысты.

Жаппай сауалнамаға қатысқандардың 53,7%-ы әйелдер, ал 46,3%-ы ерлер болды. Кез келген зерттеудің объективтілігі халықтың барлық әлеуметтік тобын қамтумен анықталады. Атап айтқанда, мұндай маңызды шарт қала тұрғындарының да, ауыл тұрғындарының да сауалнамаға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 63,3%-ы – қала, ал 36,7%-ы - ауыл тұрғындары. Сауалнамаға қатысушылар арасында 18-29 жас, 30-45 жас, 46-60 жас және 61 және жасы одан жоғары топтарға біріктірілген өкілдер болды.

Этникалық топтар бөлінісінде сұраққа жауап бергендердің құрылымы келесідей: жауап берушілердің 71,2%-ы – қазақ этникалық тобының өкілдері, 17,8%-ы – орыстар. Сауалнамаға қатысушылардың 11%-ы басқа этнос өкілдері болды.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысы (58,0%) жұмыс істейді, респонденттердің тағы 2,5%-ы оқиды және жұмыс істейді. Сауалнамаға қатысқандардың 39,3%-ы сауалнама кезінде жұмыс істемеді. Сауалнама кезінде жұмыс істеген немесе оқып жүріп жұмыс істеген респонденттер арасындағы қызмет салалары бойынша жұмыспен қамту құрылымы келесідей. Сауалнамаға қатысқандардың 20,8%-ы қызмет көрсету саласында, 15,5%-ы «медицина, білім, ғылым, мәдениет» саласын атап өтті, сауалнамаға қатысушылардың тағы 14,8%-ы сауда саласында жұмыс істейді. Жауап берушілердің 11,4%-ы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейді.

Зерттеудің егжей-тегжейлі әдістемесі мен нәтижелері институт сайтында орналастырылған.