​Күріш суы арықтауға, теріні тазартуға, шашты қалпына келтіруге көмектеседі

0
172

Күріш суы В,С,Е дәрумендерінен және минералдардан тұрады. Бұл құрам теріні жұмсартады, тазартады.


​Күріш суы арықтауға, теріні тазартуға, шашты қалпына келтіруге көмектеседі

фото: ЖИ

Күріш кез-келген үйдің асханасынан табылатын азық-түліктердің бірі. Күріш тек тағам ғана емес, косметикалық құрал да бола алады. Қазіргі таңда, Кореядағы ең атақты сұлу болудың тәсілі ол - күріш суы.


Күріш суы арқылы теріні тазарту

Күріш суы В,С,Е дәрумендерінен және минералдардан тұрады. Бұл құрам теріні жұмсартады, ашық қылады. Сондай ақ, бұл құрам арқылы күннен теріні қорғауға болады. Сонымен, күріш суын қалай дайындауға болады?

Теріні тазарту үшін алдымен ақ күріш пен кәдімгі су қажет.

1) Шаң, кірден тазартып алу үшін 1 кесе ақ күрішті жуып аламыз.

2) Тазартылған күрішті жылтыр, эмальданған табаққа салып, 15 минутқа қоямыз. Бұл уақытта минералдар мен дәрумендер суға сіңеді.

3) 15 минут өткен соң, суды шыны сауытқа (шөлмек) құйып алыңыз. Ал күрішті тастамаңыз, кейін тамақ жасасаңыз болады күріштен.

Сүзіп алынған күріш суымен бетімізді жуамыз. Және 1 минут бойы бетімізді жеңіл уқалаймыз. Болды!

Бір рет жасағанның өзінде нәтижесін байқауға болады.

Бұл күріш суын герметикалық контейнерге мұздатқышта, 5 күннен асырмай сақтау керек.


фото: spb.boombate.com

Шашқа арналған күріш суы

Күріш суы сіздің шашыңызға да пайдалы. Егерде осы күріш суымен жуатын болсаңыз, шашыңыздың жұмсақ әрі жылтырап қалады.


Арықтау үшін күріш суын пайдалану

Егерде күріш суын арықтау үшін пайдаланатын болсаңыз, онда күріш суын басқаша дайындауға тура келеді. Ол үшін сізге күріш қайнатпасы керек. Сондай ақ, күрішті қайнату кезінде, суды алдыңғыға қарағанда көбірек құю керек. Дайын болған күріш қайнатпасы - осы сізге керегі. Бұл ең оңай жолы. Арықтау үшін, күріш қайнатпасын таңғы асқа ішу керек.


Арықтау үшін қолданылатын күріш суының азиаттық рецепті

1) 1 тостаған күрішті 3-4 тостаған суға салу.

2) Түнге жақын дайындау қажет. Газ плитасына, жәй ашық отқа 2-3 сағатқа қою керек.

3) Дайын қайнатпаны 1 күн ішінде ішіп тауысу керек, тұз қосуға да болады.

Кез келген тағам - кем дегенде 650 калориялы болса, күріш қайнатпасы бар жоғы 150 калориялы. Бұндай калория арқылы сіз 1 аптада 1 кг-ды оңай тастай аласыз.


Осындай оңай тәсілдер - бірақ пайдасы жетіп артылады.
Осындай жеңіл жолмен арықтап та, шашыңызды өсірсеңіз де, бет күтімі үшін пайдалансаңыз да болады. Күріш суының ешқандай зияны жоқ, тек қана пайдасы болмаса...

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Тырнақ мықты әрі сау болуы үшін күтімі жақсы болуы керек


Беттегі қара дақтарды үй жағдайында кетіруге болады