Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Украинадағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімінде Украинада тұтқынға алынған 12 Қазақстан азаматы туралы ақпарат бар, деп жазады Stan.kz.
Украинадағы 12 қазақстандық тұтқын туралы ақпарат Ферғана агенттігінің алған ұрыс аймағында ұсталған немесе тергеуде жатқан Қазақстан азаматтары туралы сауалына берген ресми жауабында айтылған. Елшіліктің мәліметінше, бұл ақпарат Украинаның уәкілетті мемлекеттік органы ұсынған ақпаратқа негізделген.
Консулдық бөлім тұтқында отырған Қазақстан азаматтарының санаты бойынша бөлек есебін жүргізбейтінін түсіндірді. Сондықтан елшілік тиісті есепке алу жүйесінің жоғын айтып, бұл санаттар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты.


