20-23 тамызға арналған ауа райы болжамы

0
591

Республика бойынша кей жерде жел күшейеді.


20-23 тамызға арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оңтүстік циклонның келуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Аптаның соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Содан кейін қысқа антициклон жылжып, жауын-шашынның тоқтатылуы және батыста ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі.

Республика бойынша кей жерде жел күшейеді.