9 шілдеде Ордабасы аудандық сотының үкімімен парақор-шенеунік 6 млн теңге айыппұл төлеу жазасына кесілді.
ERNUR.KZ. "Ордабасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы пара алды деп айыпталды, деп жазады Zakon.kz.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бұған дейін "Ордабасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Оспанов Е-нің ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.
Оспанов жануарлардың изоотикалық ауруларының профилактикасы бойынша жасалған актілерге қол қойғаны және орындалған жұмыстарға қаражат аударғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алған.
9 шілдеде Ордабасы аудандық сотының үкімімен Оспанов 6 млн теңге айыппұл төлеу жазасына кесілді.
Сот айыппұлды төлеу мерзімін үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде деп белгіледі және айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірді.
Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.