Қарағандыда 10 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

0
249


Қарағандыда 10 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Степной-3 шағын ауданында 10 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп жазады Zakon.kz.


Бұл туралы 2026 жлв 13 қыркүйекте ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Оқиға орнына жеткен Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары дереу барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Өрт шыққан пәтерден ер адам құтқарылды. Сонымен қатар ТЖМ қызметкерлері 40 адамды, оның ішінде 17 баланы баспалдақ арқылы эвакуациялады. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Кәсіби іс-қимылдардың нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді".