Қызмет талабын бұзған: Астанада екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды

0
86

Полиция департаменті түсініктеме берді.


Қызмет талабын бұзған: Астанада екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды

© Photo : Polisia.kz

ERNUR.KZ. Астана қаласының полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
Айтуларынша, елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті", - деп жазды қалалық полиция департаменті.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған.