2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге 67,9 млрд. теңге бөлінеді

0
1 362

​ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылған жобалардың нәтижесіне қатысты баспасөз конференциясы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге 67,9 млрд. теңге бөлінеді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылған жобалардың нәтижесіне қатысты баспасөз конференциясы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

Кездесу барысында Мархабат Жайымбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік жоспарланған көрсеткіштен асып, қалаларда 93,8% (белгіленген жоспар 90%), ауылдарда 57,4%-ды (белгіленген жоспар 55% болатын) құрағанын айтты.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының 80,7% -ы орталықтандырылған сумен жабдықталған (7,7 млн. адамның 6,2 млн. адамы). Бұл көрсеткіш су тарту жұмыстары ең алдымен халық саны көп елді мекендерде жүргізілетіндігін көрсетеді.

«2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша диспропорцияны азайту мақсатында қаржыландыру көлемі 21,7% -ға артып, 67,9 млрд. теңгені (193 жоба) құрады. Қаржыландыру көбінесе қолжетімділігі төмен өңірлерге бағытталған. Биыл қалалық жерлерді сумен қамтамасыз ету және су тарту жұмыстарына 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл сомаға 40 жоба іске асырылатын болады. Ал, ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту үшін 45,2 млрд. теңгенің 153 жобасы жүзеге асрылады.

Бұл жұмыстардың нәтижелері бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті елді мекендерде 59%-ға дейін, ал қалаларда 94%-ға дейін арттыру көзделіп отыр», - деді комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.