​2019 жылдан бастап «БЖЗҚ» АҚ комиссиялық сыйақыны азайтады

0
1 528

Бұл туралы БЖЗҚ басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева Алматыда өткен брифингте айтты.


​2019 жылдан бастап «БЖЗҚ» АҚ комиссиялық сыйақыны азайтады

ERNUR.KZ. БЖЗҚ жаңа жылдан бастап өз қызметтері үшін ұсталатын комиссиялық сыйақы мөлшерін төмендетеді. Бұл туралы БЖЗҚ басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева Алматыда өткен брифингте айтты, деп жазады Baq.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ел азаматтары БЖЗҚ-ға инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте комиссия төлеуде.

«ҚР Ұлттық банкінің қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының 2019 жылға арналған шамасы: инвестициялық табыс сомасының 5,0 пайызы және зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызы көлемінде бекітілді», - дейді ол.

Сонымен қатар ол, халық төлеп келген комиссия сыйақысының шамасы 2014 жылдан бері талай рет азайтылғандығын айтып өтті.

«Бұған Қордың бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, көрсетілетін қызметтердің барлық дерлік түрін электрондық форматқа ауыстыру, көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі ішінде олардың үлесін арттыру жүргізу нәтижесінде қол жеткізілді», - дейді С. Егеубаева.