2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке қанша отбасы көшті?

0
1 808

Вице-министр «Еңбек» бағдарламасы аясында қанша адамның солтүстікке көшкенін айтты.


2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке қанша отбасы көшті?

ERNUR.KZ. Өткен жылы оңтүстіктен солтүстікке 1 600 отбасы көшкен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 5 800 адам солтүстікке көшкен.


«Бағдарламаның төртінші бағыты – еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру. Бұл оңтүстіктен солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын тартуға мүмкіндік береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 600 отбасы немесе 5 800 адам солтүстікке көшті. Оның 3 мыңы еңбекке жарамды», - деді вице-министр.