2023 жылға дейін дәрігерлер еңбекақысы орташа жалақыдан екі есе артық болады

0
840

Мемлекет бамшысы медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдықта ынталандыру үстемеақы төлеу үшін қосымша 150 миллиард теңгені бөлуді тапсырды.


2023 жылға дейін дәрігерлер еңбекақысы орташа жалақыдан екі есе артық болады

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес шараларына атсалысып жүрген дәрігерлерге үстемеақы төлеу үшін қосымша қаржы бөлуді тапсырды, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Жақын арада бюджетті нақтылау кезінде медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдықта ынталандыру үстемеақы төлеу үшін қосымша 150 миллиард теңгені бөліп беруді тапсырамын. Біз бұны дағдарыс жағдайында істеп жатырмыз. Осыны жүйелі түрде жүзеге асыру қажет", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Осы орайда мемлекет басшысы дәрігерлердің жалақысына да тоқталды. Президенттің айтуынша, үш жылдан кейін медицина қызметкерлерінің еңбекақысы айтарлықтай өседі.

"2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетсек, президент өз жолдауында мұғалімдердің жалақысын көтеру мәселесіне де тоқталған болатын. Бұл үшін алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 процентке артады. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді.