2023 жылы алаяқтар тұрғындарды 97 миллиард теңгеге жуық шығынға ұшыратты

0
521

Мұндай құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтыққа қатысты: 19,9 мың жағдай, жылдық өсім — 5,8%.


2023 жылы алаяқтар тұрғындарды 97 миллиард теңгеге жуық шығынға ұшыратты

ERNUR.KZ. Биылғы қаңтар-қараша айларында ҚР Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде «Алаяқтық» бабы бойынша 40,8 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ға көп, деп жазады Kazinform.


Мұндай құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтыққа қатысты: 19,9 мың жағдай, жылдық өсім — 5,8%. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде төлем карталарын пайдалана отырып (267 жағдай), кредит беру саласында (53 жағдай), ақшалай қаражатты қарызға алу жолымен (41 жағдай) және т.б. алаяқтық әрекеттер тіркелген.

«Алаяқтық» бабы бойынша ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Алматыда тіркелді: 8,5 мың жағдай — бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,4% - ға аз. Бұдан әрі Астана (6,5 мың жағдай, плюс 8,9%) және Қарағанды облысы (3,3 мың жағдай, плюс 24,9%).

Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытауда (397 жағдай — өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп), Қызылорда (615 жағдай, минус 0,8%) және Жамбыл (806 жағдай, минус 2,3%) облыстарында тіркелді.

Жұмыспен қамту мәртебесі бойынша олардың ішінде 5 мың адам жұмыссыз, 207 адам жұмыста, 170 адам мемлекеттік қызметші, 70 адам жеке кәсіпкер, 77 адам оқушы, 19 адам әскери қызметші болған.

2023 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша алаяқтық құқық бұзушылық жолымен келтірілген залалдың белгіленген мөлшері 96,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 4,2%-ға аз. Оның басым бөлігі мемлекетке келтірілген шығын болды: 54,2 млрд теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7,7 млрд теңге. Тағы 3,7 миллиард теңге заңды тұлғаларға, 38,5 миллиард теңге жеке тұлғаларға келтірілген залал.