2025 жылы Ақмола облысындағы 7 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайларын жақсартты

0
109

Ақмола аймағында өнеркәсіп саласы тұрақты дамып келеді.


2025 жылы Ақмола облысындағы 7 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайларын жақсартты

ERNUR.KZ. Өндіріс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Облыс машина жасау саласында нық көшбасшы болып отыр: теміржол подшипниктерін өндірудің 100%-ын және арнайы автомобильдер өндірісінің 84%-ын қамтуда. Бұдан бөлек, өңірде еліміздегі астық жинайтын комбайндардың 50%-ы өндіріледі. Облыс құрамында алтын бар руданың жартысынан астамы және Қазақстандағы алтын өндірісінің төрттен бір бөлігін өндіреді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Басты компаниялар – Алтынтау Көкшетау, Алтыналмас, ЭрДжи Голд.

«Машина жасау 2,2%-ға, азық-түлік өндірісі 11%-ға, сусындар өндірісінің көлемі 20%-ға, ал химия өнімдері 30%-ға ұлғайды. Кірпіш өндіру көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде өңіріміздегі зауыттар 250 млн кірпіш шығарып келсе, алдағы уақытта оның қуаттылығын 3 есе арттырамыз. Осы бағытта 8 зауыт салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. Биыл соның бесеуін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, біздің өңір елдегі өндірістің жалпы көлемінен құрылыс кірпішінің 40%-ын шығарады», – деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық бағдарға сәйкес, мұқтаж азаматтарды жайлы және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Биыл жалпы 7 мыңнан астам азамат өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Оның 2 мыңы – мұқтаж азаматтар: яғни әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдері, кезекте тұрғандар, алданған үлескерлер, апатты үйлердің тұрғындары.

Өңірде бизнеспен ынтымақтастыққа негізделген жаңа әрі тиімді тәсілдер енгізіліп жатыр. Жеке құрылыс компанияларынан «дайын пәтерлерді сатып алу» механизмі әлеуметтік тұрғын үйді тез салуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Биыл 750 пәтер сатып алынды.

Сондай-ақ бұл механизм жеке инвестицияларды реновациялау бағдарламасына тартуға және проблемалық үлестік үйлерді аяқтауға жол ашты. Биыл тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында 740 пәтерге арналған 11 көпқабатты үй салынды, олар ескірген және тозығы жеткен үйлердің орнына тұрғызылды. Қосшы қаласында 543 пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды, оның 110 пәтері алданған үлескерлерге тегін берілді. Қалған пәтерлер Президенттің дайын тұрғын үйді сатып алу жөніндегі бағдарламасы аясында сатып алынды. Қалған үлескерлер бойынша мәселе кезең-кезеңімен шешілетін болады – қазіргі уақытта келесі кешеннің құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар басталды.