2026 жылы Ұлттық әуе жүк тасымалдаушы компаниясы іске қосылады

0
87

Туризм саласында Алматы тау кластерін дамытуға баса назар аударылады.


2026 жылы Ұлттық әуе жүк тасымалдаушы компаниясы іске қосылады
Фото: Александр Павский / Kazinform
ERNUR.KZ. 2026 жылы Ұлттық әуе жүк тасымалдаушы компаниясы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады inform.kz.

- Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мақсатында, мықты инфрақұрылымдық негізді қалыптастыру маңызды. «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол учаскелері, «Сексеуіл-Бейнеу» автомобиль жолы және осылар сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады. 2026 жылы Smart Cargo кедендік және логистикалық қызметтер көрсетілетін бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіліп, Ұлттық әуе жүк тасымалдаушы компаниясы іске қосылады. Қабылданған барлық іс-шараны ескере отырып, Қазақстан арқылы жүк тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғаяды деп күтілуде, - деді вице-премьер.

Оның атап өтуінше, туризм саласында Алматы тау кластерін дамытуға баса назар аударылады. Нәтижесінде тау шаңғысы курорттарының өткізу қабілеті 4 есеге артады. Курорттық аймақтарды кеңейту және жабдықтау бойынша іс-шараларды іске асыру ішкі туризмді дамытуға қосымша серпін береді.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) жүйесін реформалау цифрлық шешімдерді белсенді енгізу, оның ішінде энергия тиімділігін арттыру арқылы іске асырылатын болады. Іске қосуға жоспарланған Бірыңғай ұлттық платформасы құрылыстың барлық кезеңінде жан-жақты есепке алуды, жоспарлауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді ол.
Вице-премьер су инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері суды үнемдеу технологияларын және суды ұқыпты пайдалануға қойылатын талаптарды заңнамалық тұрғыдан бекітуді көздейтінін айтты.
- Бұдан басқа 18 су қоймасы мен 14,5 мың км ирригациялық каналдарды реконструкциялау және 9 жаңа су қоймасының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасады. Су саясатын ұзақ мерзімді жоспарлау құралы ретінде Ұлттық су балансы қалыптастырылады, - деді Серік Жұманғарин.