220 мыңнан астам педагогтың жалақысына 50% төлем қосылады

0
543

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге арттырылды.


220 мыңнан астам педагогтың жалақысына 50% төлем қосылады

ERNUR.KZ. Елімізде 350 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, деп жазады baq.kz.

Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге арттырылды.

Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.