28°C ыстық: синоптиктер қазан айына болжам жасады

0
1 183

​Қазан айының алдағы аптасында күн жылынады. Бұл Иран аудандарынан жылы ауа массасының түсуімен байланысты.


28°C ыстық: синоптиктер қазан айына болжам жасады

"Қазгидромет" РМК қазан айындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктер күндіз еліміздің солтүстік бөлігінде 15…23°C дейін жылы, ал оңтүстік бөлігінде 20…28°C дейін көтерілетінін болжайды.

Сонымен қатар, айдың басында солтүстікте, орталықта және шығыста түнде төмен температура -2…-10°C дейін аяз болса, кей жерлерде 3°C дейін жылынады. Содан кейін бірінші онкүндіктің соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан суық ауа массаларының келуімен ауа температурасының төмендеуі және алдымен батыста содан кейін республиканың қалған аумағында жауын-шашын түсуі күтіледі.

Ауа температурасы күндіз батыс және солтүстік өңірлерде 7…15°C дейін жылы, ал шығыста 8…18°C дейін жылынады, оңтүстік өңірлерде 12…20°C дейін төмендейді.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес айдың ішінде суық толқыны жауын-шашын, тұман, көктайғақ құбылыстары, екпіні 15-20 м/с дейін желдің күшеюі сияқты ауа райы жағдайлары жиі ауысып, жылу толқындарымен алмасатын болады.

Қазан айының орташа ауа температурасы Қазақстанның көптеген бөлігінде норма шамасында, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облысының батысында 1°С нормадан жоғары болады деп күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің көптеген бөлігінде – норма шамасында және нормадан көп, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, кей жерлерде Қостанай және Қарағанды облыстарында нормадан төмен болады деп болжанады.