30 мың тұрғыны бар ауылға қауіп төніп тұр: Алматы облысында сел жүру қаупі бар

0
750

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы Түрген өзенінде сел жүруі мүмкін екенін ескертті.


30 мың тұрғыны бар ауылға қауіп төніп тұр: Алматы облысында сел жүру қаупі бар

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы Түрген өзенінде сел жүруі мүмкін екенін ескертті. 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері қауіпті аймақта, деп жазады Stan.kz.



Алматы облысының құтқарушылары Түрген өзенінің мореналық көлдерінде судың тасуы мен сел қаупін жою үшін су деңгейін қалыпқа келтіру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Алматы облысындағы Түрген өзені бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалады. 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері қауіпті аймақта. Осыған байланысты Түрген өзені алабындағы мұздық пен көлдердің сел және гидрометеорологиялық жағдайына мониторинг ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Көлдердегі жұмыстар ауа райы жағдайына байланысты (шамамен 16:00-ге дейін) жүргізіледі.

"Жақында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің үйлестіруімен ТЖМ Қазавиақұтқарудың екі тікұшағымен мұздақ көлдің маңында жабдықтарды тасымалдап түсіру жұмыстары жүзеге асырылды. Жұмыстарды "Қазселденқорғау" ММ басшылығы мен авариялық бригадасы жүргізді", - делінген хабарламада.

Тұрғындарды дер кезінде хабардар ету үшін "Казселезащита" бекеттері тәулік бойы жұмысын жалғастырып жатыр.

"Аймаққа келуге уақытша шектеулер енгізілді. Жаяу жүргіншілерге, көлік иелеріне, жергілікті тұрғындар мен атқарушы билікке хабарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мүмкін шаралар қабылданып отыр. Жүргізіліп жатқан жедел жұмыстар адамдардың өміріне қауіп төндіретін және объектілердің қирауына әкелетін сел қаупінің алдын алуға бағытталған", - делінген хабаарламада.


Бөлісу