33 жыл құжатсыз жүрген Орал тұрғыны туған ұлын Кореядан тапты

0
249

Гергий Ни 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.


33 жыл құжатсыз жүрген Орал тұрғыны туған ұлын Кореядан тапты

ERNUR.KZ. Орал қаласында ер адам 33 жыл жылдан кейін жеке куәлігін алды. Ал оның туған ұлы Кореядан табылды, деп жазады sputnik.kz.

Гергий Ни 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Бес жасында ата-анасымен бірге Қырғызстанға көшіп кетеді. Біршама уақыттан кейін Өзбекстанға, артынан Түрікменстанға қоныс аударды. 37 жасында Георгий туған жеріне оралады. Қазақстанда шаңырақ құрып, ұл сүйді. Баласы екі жасқа толғанда отбасын қалдырып, Батыс Қазақстанға табыс табуға кетіп қалған. Сонда бақташы мен қойшы болып, далада бақша екті. Артынан құжатын жоғалтып алып, туған-туыстарымен байланысы үзілген.
2020 жылы Георгий таныстарының ақыл-кеңесімен Орал қаласының әлеуметтік көмек орталығына жүгінеді. Орталық мамандары бірден мемлекеттік және шетелдік мекемелерге сұрау салып, ақпарат іздеуге кірісті. Ал барлық жауапты алғаннан кейін көші-қон полициясына құжат жіберген. Георгий жеке құжаттарын алғанда қуанышын жасырмады. Өзін адам ретінде және өз елінің толыққанды азаматы ретінде сезінгенін жеткізді.
Орталық мамандары Нұрлы Жұбатова мен Арай Шынтемірова Георгийдің ұлын да тауып берді. Қазіргі кезде ол Оңтүстік Кореяда тұрады. Әкесі онымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті, көзіне жас алды. Георгий алдымен денсаулығын қаратуды жоспарлап отыр. Әйтпесе, бұрын құжатсыз ешкім қабылдамапты. Одан кейін ұлымен кездесуді қалайды.