Мұны Мәжіліс кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
Фото: Stan.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанда шамамен 350 мың қарыз алушының берешегі жеке сот орындаушылардың қарауына өткен, деп жазады stan.kz.
Мұны Мәжіліс кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы жылдары бұл көрсеткіш екі есеге азайған.
“Екі жыл бұрын проблемалық несиелерді коллекторларға сатуға тыйым салынған. Соның нәтижесінде коллекторлық агенттіктер балансындағы проблемалық қарыз алушылар саны айтарлықтай қысқарған. Бұрын бұл көрсеткіш 700 мың адамға дейін жеткен еді. Қазір ол 350 мың адамға азайған”, – дейді төраға.
Сонымен қатар агенттік коллекторлардың борышкерлермен жұмыс істеу тәртібін де күшейткен.
“Енді олар қарыз алушыларға тек белгіленген күндері ғана хабарласа алады. Аптасына үш реттен артық мазалауға болмайды. Әрбір сөйлесу міндетті түрде аудиожазбаға жазылуы тиіс. Коллекторлар демалыс күндері хабарласады деген шағымдар көп түседі. Осыған байланысты байланыс уақыты нақты белгіленді”, – деді Әбілқасымова.
Заңбұзушылық анықталған жағдайда коллекторлық агенттіктерге айыппұл салынады. Бұдан бөлек, агенттік олардың басшыларын қызметінен шеттете алады немесе ұйымды коллекторлық агенттіктер тізілімінен толық шығару құқығына ие.
Қазір Қазақстанда шамамен 190 коллекторлық агенттік жұмыс істейді. Агенттік басшысы мұндай қарыз өндіріп алу институты әлемнің барлық елінде бар екенін айтты. Оны толық жабу мүмкін емес екенін жеткізді.


