Осы айда ҚазҰУ-де болған екінші қайғылы жағдай.
Фото: farabi.university
ERNUR.KZ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқитын бірінші курс студенті қайтыс болды. Оның өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды», – деп хабарлады жауапты орган.
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, бүгін ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің қайтыс болғаны белгілі болды. Университеттің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, оқу орнының ұжымы марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтып, отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.


