4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

0
76

1992 жылы, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді.


4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

ERNUR.KZ. 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.

Осы күні, 1992 жылы, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен бірлігінің айқын белгісі. Олар халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, мемлекетіміздің негізгі құндылықтарын дәріптейді. Сонымен қатар, Отанымыздың болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайтады.