4 жыл ешкім тексермеген: Ақмола облысында 65 жастағы әже асырап алған 2 жасар баласын өлтірді деген күдікке ілінді

0
411

Полицейлер баланың өлімі туралы кездейсоқ білген.


4 жыл ешкім тексермеген: Ақмола облысында 65 жастағы әже асырап алған 2 жасар баласын өлтірді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Щучинскте 65 жастағы әже асырап алған екі жасар баланы өлтірді деп күдікке ілінді. Полиция әжені ұстағанын растады. Тергеушілердің айтуынша, ол бүлдіршінді өлтіріп, кейін бақшаға көмген. Зейнеткердің қамқорлығында тағы төрт бала болды, деп жазады stan.kz.

Полицейлер баланың өлімі туралы кездейсоқ білген. Өткен аптада соққыға жығылған бес жасар бала балалар ауруханасына жеткізілді. Оған бас сүйек-ми жарақаты, басының артқы жағындағы гематома диагнозы қойылған әрі миы шайқалған. Асырап алушы асығыстықпен туу туралы куәлікті араластырып алған болуы мүмкін. Содан полиция күдіктінің отбасына баруды ұйғарды. Дәл сол кезде туу туралы куәліктің иесі 4 жыл бұрын көз жұмғанын анықтаған. Оның мәйіті бақшаға жерленген.

Қазір тергеушілер кісі өлтіру мен ұрып-соғуға 30 жастағы әйелдің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл отбасында балалар үйінің жетім балалары патронаттық тәрбиеге, қорғаншылыққа немесе асырап алуға алынған. Арнайы тексеріс басталды.

“Баланың денесі табылған соң қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін 2018 жылғы баланың мерт болғаны анықталған. Алайда тиісті мемлекеттік органдарға өлім және жерлеу фактісі туралы хабарланбаған. Қазір сот-медициналық және бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақтияр Өтекин.