40 градус ыстық, екпінді жел және бұршақ: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

0
116


40 градус ыстық, екпінді жел және бұршақ: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК 6-8 маусымға ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Алдағы күндері батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, кей жерлерде екпіні артып, дауылға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ бұршақ түсу ықтималдығы бар.

6–8 маусым күндері – батыс аймақтарда, 6 маусым – солтүстіктің қиыр аудандарында және оңтүстік-шығыста, 8 маусым – солтүстік-батыста жаңбыр жауады. Шығыс пен орталық өңірлерде жауын-шашынсыз, құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады.

Батыс өңірлерде ауа температурасы 20-30 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте 28-35, орталықта 30-38, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін аптап ыстық, оңтүстік-шығыста 30-39, шығыста 30-37 градус аралығында қатты ыстық күтіледі.