"40 күн бойы 50 градусқа дейін ыстық": синоптиктер WhatsApp-та тараған ақпаратқа пікір білдірді

0
273

​Желіде тараған хабарламада қазақстандықтар жазда қатты ыстық болатынын айтады.


ERNUR.KZ. WhatsApp-та ауа райына қатысты фейк тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Желіде тараған хабарламада қазақстандықтар жазда қатты ыстық болатынын айтады. Олардың сөзінше, ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі. Хабарламада мұндай құбылыс 60 жылда бір рет болатыны да айтылады. Бұл жалған.



Ауа температурасы рекорд көрсеткішке дейін көтерілетіні туралы фейк бұрыннан бар. "Қазгидромет" РМК биыл тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Маусымдық болжам қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланып отырады. "Қазгидромет" бір тәулікке, 3 күнге және бір аптаға болжам жасайды. Айлық болжамдардың тек 70 пайызы орындалады. Қазақстанда қуаң дала аймақтар бар. Түркістан облысы. Бұл өңірде жазда ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі - қалыпты жағдай. Әлемнің бірде-бір елінде синоптиктер тұтас бір маусымға болжам жасамайды. Олар жорамалдап айтады. Дамыған елдерде болжам бір күнге, 3 күнге және бір аптаға жасалады. Есесіне, апталық болжамдар да нақтыланады. Болжам ұзақ мерзімге жасалса, ол нақты жағдайға сәйкес болмайды. Интернетте жарияланған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге сеніңіз. Алдағы жазға арналған консультативтік болжаммен біздің ресми порталымызда таныса аласыздар", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.