Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау дерегін анықтады.
ERNUR.KZ. Степногорск прокуратурасы 40 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады, жазады tengrinews.kz.
Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау дерегін анықтады.
"Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған. Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 миллион теңге болды, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді", - делінген хабарламада.