Бұл жайлы Нұрсұлтан Назарбаев қоры жариялады.
ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына көмек ретінде 50 млн теңге бөлді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 28 қазанда Қарағанды облысындағы «Костенко» шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан еді.