55 жастағы азамат әйелі мен ұлын пышақтап тастады

0
1 781

Жамбыл облысының тұрғыны әйелі мен ұлын пышақтап өлтірді


55 жастағы азамат әйелі мен ұлын пышақтап тастады

фото: ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында сұмдық жағдай. 55 жастағы азамат үйінде өзінің әйелі мен баласын пышақтап тастаған. Алған жарақатынан екеуі де ауруханаға жетпей жан тапсырды, деп жазады ktk.kz.

Қайғылы жағдай Байзақ ауданы Көктал ауылында болған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, отбасылық жанжал кезінде 52 жастағы кісі жары мен 29-дағы ұлына бірнеше мәрте пышақ ұрған. Алдымен баласын мойын тұсынан орып жіберіп, кейін әйелін кескілеген. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты айтылмады.

Күдікті қазір қамауда отыр. Оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды. Ол бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Сондай-ақ сезіктінің, психикалық ауытқуы болуы мүмкін деген күдік бар. Соған қарағанда ол жазадан құтылып кете ме деген қаңқу сөз тараған еді.

Мақсат Ережепов, Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы: Жоқ, жазадан құтылмайды. Ол жөнінде қылмыстық кодекспен қылмыстық шаралар көрсетілген. Яғни медициналық мәжбүрлеу шаралары. Сол бойынша жауапқа тартылады.