2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді.
ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері үшін маңызды ақпаратпен бөлісті, деп жазады sputnik.kz.
"Бұл өңірдің түлектері негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады. 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді", - делінген орталық хабарламасында.
Айта кетері, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқуға түсушілері үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.