​7-20-25 бағдарламасының бастапқы жарнасына жеңілдік жасалды

0
1 495

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.


​7-20-25 бағдарламасының бастапқы жарнасына жеңілдік жасалды

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өңірде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы және ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Ағымдағы жылы облыста барлығы 36 балабақша ашылды. Қазіргі уақытта балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту көрсеткіші 98% құрап отыр. Бүгінгі күні 26 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Осы жылы 15 мектептің құрылысы аяқталды. Келесі жылы өңірдегі үшауысымды, материалдық-техникалық базасы нашар мектептер мәселесі толық шешіледі», - деді Сапарбаев.

Оның айтуынша, Ақтөбеде «Әсем» балалар білім беру-демалыс орталығының жұмысы тиісінше қолға алынған. Бұл орталық өңір балаларын озат оқуға, белсенді болуға ынталандырады.

«Осы жылдың өзінде облыста 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Айта кету керек, оның 65% тұрақты жұмыс орындары», - деді әкім.

Сапарбаев Ақтөбеде «5 әлеуметтік бастама» аясында жұмыстар белсенді іске асырылып жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта жалпы құны 1 млрд 300 млн теңге болатын 153 арыз мақұлданды. Сонымен қатар, біз 20% құрайтын бастапқы жарнаны 10% дейін төмендетуді қолға алдық. Яғни, баспана бағдарламасының қалған 10% бастапқы жарнасын біз жергілікті бюджеттен төлейтін боламыз», - деді облыс басшысы.