​7 қазақстандық спортшы допингпен ұсталып қалды

0
1 464

2018 жылдың басынан бері допингке қарсы ережені бұзған қазақстандық спортшылардың саны 26-ға жетті.


​7 қазақстандық спортшы допингпен ұсталып қалды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық допингке қарсы күрес орталығының сайты ойын кезінде тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін дисквалификацияға ұшыраған спортшылардың жаңартылған тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz.

Сайттың хабарлауынша, тағы жеті қазақстандық ойыншы бұл тізімге кірген. Ол - 2014 жылы антидопингтік ережені бұзғаны үшін ойыннан шеттелген велошабандоз Виктор Окишев. 2018 жылдың сараптамасы бойынша, ойыншының анализінде тыйым салынған эритропоэтин препараты анықталған. Нәтижесінде, Окишев сегіз жылға яғни, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2026 жылдың 30 маусым айына дейін дисквалификацияланды.

Сондай-ақ допинг қолданғаны үшін ұсталып қалған ауыратлет Роберт Карнаухов (нандролон, кломифен), жүзуші Риат Жұмағұлов (метилгексанамин, хигенамин) пен жеңілатлет Евгения Фондюшина (сибутрамин), Александр Лях (метилгексанамин), Игорь Кондратьев (метилгексанамин) және Вероника Брославская (мельдоний) дәрі-дәрмек қолданғаны анықталды.

Осылайша, 2018 жылдың басынан бері допингке қарсы ережені бұзған қазақстандық спортшылардың саны 26-ға жетті.

Еске сала кетейік, 6 тамыз күні көркем гимнастка Сабина Әшірбаева мен Владимир Седов анализінде допинг бар екені анықталып, дисквалификацияланған.