7 тоннаға жуық спирт сақталған жасырын цех анықталды

0
703

Спирттің ерекше иісі бар түссіз сұйықтықпен толтырылған көлемі 1000 литр 6 ыдыс табылды.


7 тоннаға жуық спирт сақталған жасырын цех анықталды

ERNUR.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс аумағында ірі мөлшерде этил спиртін өткізу мақсатында рұқсат құжаттарсыз сақтау фактісін анықтады, деп жазады baq.kz.

"Тексеріс барысында спиртті сақтау және сату цехы табылды. Спирттің ерекше иісі бар түссіз сұйықтықпен толтырылған көлемі 1000 литр 6 ыдыс, сондай-ақ, көлемі 5 литр 141 бөтелке, 5 қап қақпақтар, құюға арналған құрылғылар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.