Бұл мәліметті елордалық соттың баспасөз қызметі растады.
Әскери апат-құтқару қызметінің бұрынғы бас директоры 7 жыл 6 айға сотталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл мәліметті елордалық соттың баспасөз қызметі растады. "Кәсіби әскерилендірілген апат-құтқару қызметінің" бұрынғы басшысы Болат Халыққа қатысты сот үкімін 11 маусымда Алматының №2 соты шығарды.
"Болат Халық ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4,5-бөлігінің 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), 366-баптың 3-бөлігі, 1,4 тармағы ("Пара алу") бойынша айыпты деп танылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігінің ("Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау") негізінде ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Болат Халықтың өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылғаны айтылады.
Еске сала кетейік, Болат Халық 2017 жылдың мамыр айында 70 мың доллар пара алу кезінде ұсталған болатын.