Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.
ERNUR.KZ. Бүгін 700-ден астам шетелдік журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады inform.kz.
«700-ден астам шетелдік және 200-ден астам қазақстандық журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Әлем назарын аударған шараға еуропалық БАҚ үлкен қызығушылық танытты», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.