Жәбірленуші баланың жеңіл жарақат алғаны белгілі болды.
Фото: Ақ Жайық
ERNUR.KZ. Қазір полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған, деп жазады inbusiness.kz.
Оқыс жағдай Атырау қаласындағы аулалардың бірінде тіркелген. Онда 9 жастағы жасөспірімге 21 жастағы тұрғын ұрып-соғу арқылы зорлық-зомбылық жасаған. Бұл сәт видеоға жазылған, себебі ойын алаңы толық камераның бақылауында.
– Жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды, – делінген Полиция департаментінің ресми хабарламасында.
Полиция бірден жақын маңдағы бақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алуға кіріскен. Соққыға жығылған балаға психолог көмегі көрсетіліп жатыр.